КӘСІПТІК БІЛІМ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

    1 / 2

    Асанбай Асқаров атындағы Меркі көпсалалы колледжінде ауданның Құрметті азаматы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Раушан Молдазымұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Кәсіптік білім – болашаққа бастар жол» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік форум өтті.

    Форумға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, әлеуметтік серіктестер мен колледж түлектері қатысты.

    Жиында кәсіптік білім берудің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі, жастарды жұмыспен қамту және білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастық мәселелері талқыланды.

    Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы мерейтой иесін құттықтап, аудан әкімі атынан Құрмет грамотасы мен «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

    Сонымен қатар жазушы, ауданның Құрметті азаматшасы Шырын Мамасерікованың мерейтой иесіне арнаған құттықтауы мен шығармашылық тартуы форумның мазмұнын толықтыра түсті.

    Форум кәсіби білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және мерейтой иесінің еңбегіне құрмет көрсетуге арналған маңызды алаң болды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары