ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Меркі ауданына жұмыс сапарымен келіп, қант зауытының жұмысымен танысты.
⠀
Вице-министрді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев қарсы алып, кәсіпорындағы қант қызылшасын қабылдау науқанының барысы мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
⠀
Сапар барысында Ермек Кенжеханұлы зауыттың өндірістік мүмкіндіктерін, шикізатты қабылдау, сақтау және өңдеу үдерістерін назарға алды.
⠀
Айта кетейік, биыл 12 қазаннан бастап жұмысын бастаған кәсіпорында қант қызылшасын қабылдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 5 қарашадағы мәлімет бойынша зауытқа 75 мың тонна қант қызылшасы қабылданған.
⠀
Қазіргі уақытта зауыт Меркі ауданымен қатар, Қордай, Шу және Т.Рысқұлов аудандарының шаруаларынан да өнім қабылдауда.
⠀
Кәсіпорын жұмысымен танысқан вице-министр қант қызылшасын қабылдау науқанын тұрақты әрі үздіксіз жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
⠀
Сондай-ақ зауыт басшылығына шаруалардың өнімін уақытылы, кедергісіз қабылдауды қамтамасыз ету және шикізатты өңдеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









