ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 9-11-сынып оқушылары арасында буллинг, кибербуллинг, әлімжеттік және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
    Іс-шараға Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек, аудан прокуратурасының аға прокуроры Хиса Ажимбеков, аудандық білім бөлімінің бас маманы Айбек Сақыбай, аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ренат Мамытбеков, мектеп директоры Гүлжан Тлеубердиева, мектеп әкімшілігі мен психологтер қатысты.
    Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, буллинг пен кибербуллингтің зардаптары және олардың құқықтық жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Сонымен қатар оқушыларға өзара сыйластықты сақтау, қорқыту, кемсіту, бопсалау және күш көрсету әрекеттеріне жол бермеу, әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен пайдалану мәселелері түсіндірілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Меркі ауданының әкімдігі" жаңалықтары