Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында апта ішінде тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында 700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу және пайдаланылатын орындарды ластау деректері тіркелді.
Барлық анықталған фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Шымкент қаласының Полиция департаменті тұрғындарды тазалық сақтауға, қоғамдық орындарды ластамауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









