Жарияланым ізімен: Шымкентте қоғамдық орынды ластаған жүргізуші жауапқа тартылды

    Әлеуметтік желіде автокөлік жүргізушісінің көлік салонынан терезе арқылы қоқыс лақтырған сәті бейнеленген видео жарияланды.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол — 34 жастағы Түркістан облысының тұрғыны Бижанов Айбек .

    Аталған азаматқа қатысты қоғамдық орындарды ластау дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

    Полиция азаматтарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және қоғамдық тәртіп талаптарын бұзбауға шақырады. Құқық бұзушылықтың әрбір дерегі заң аясында қаралады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары