2026 жылғы 3 қараша күні Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашақ» жоғары колледжінде зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілдері Токтас Махаббат Мураткызы және Бахытжан Турсунбаевич Бекбаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, кибербуллинг және интернет қауіпсіздігі мәселелері бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті.
Кездесуді Жастар ресурстық орталығы Психологиялық көмек көрсету бөлімінің маманы Ақсымбат Рашидқызы және Жібек Мұратқызы жүргізді.
Семинардың негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









