Құрметті есеп жүйелерін әзірлеушілер және салық төлеушілер!

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Салық кодексінің жекелеген нормаларын іске асыру шеңберінде (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген) «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде экспедиторлар мен комиссионерлер үшін ЭШФ-да сыйақы сомасын көрсету жөніндегі функционал іске асырылғанын хабарлайды.

    ЭШФ АЖ-да экспедиторлар қызметтер көрсеткен кезде, сондай-ақ шарттар шеңберінде шарттары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін қызметті жүзеге асырған кезде электрондық шот-фактураларды (бұдан әрі-ЭШФ) толтыру ерекшеліктерін көздейтін өзгерістер іске асырылды.

    Өнім берушінің «Экспедитор» және «Комиссионер» санаттары үшін ЭШФ-да қызметтің белгіленген атауы және тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу белгісі бар «Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер» G бөлімінің бірінші жолы автоматты түрде қалыптастырылады.

    Көрсетілген мәліметтер жүйемен автоматты түрде қалыптастырылады және түзетуге жатпайды.

    Техникалық сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда [email protected] қолдау қызметінің электрондық поштасына (тәулік бойы) немесе 7 (7172) 72-51-61 телефон нөміріне (09:00-ден 21:00-ге дейін) хабарласуға болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" жаңалықтары