Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде сотталғандарды жеке басын куәландыратын құжаттармен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жұмыстар мекеменің арнайы есеп бөлімінің қызметкерлерімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, сотталғандардың жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу, қажетті құжаттарды жинақтау және тиісті органдарға жолдау жұмыстары ұйымдастырылған.
Бұл шаралардың негізгі мақсаты – сотталғандардың жеке басын сәйкестендіру, азаматтық-құқықтық мәртебесін реттеу және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне қажетті жағдай жасау.
Мекеме әкімшілігі сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









