Қызметтің абыройлы белесі: №67 мекеме бастығы зейнет демалысына шықты

    Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекеменің бастығы, әділет подполковнигі Асхат Мұстапаевич құрметті еңбек демалысына – зейнеткерлікке шықты.

    Ол құқық қорғау саласындағы қызмет жолында өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне, қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына өз үлесін қосты.

    Ұзақ жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі әріптестері үшін өнеге болды. Қызмет барысында ұжымның бірлігі мен жұмыс сапасына баса мән беріп, қызметтік міндеттерді адал атқарудың үлгісін көрсетті.

    Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұжымы Асхат Мұстапаевичке көп жылғы мінсіз қызметі, салаға сіңірген еңбегі үшін шынайы алғысын білдіреді.

    Құрметті Асхат Мұстапаевич!

    Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Зейнеткерлік кезеңіңіз қуаныш пен жақсылыққа, бейнетіңіздің зейнетін көретін бақытты сәттерге толы болсын!

    Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары