Заң мен тәртіп – таза қоғамның негізі!

    Іле ауданының прокуратурасы «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандық білім бөлімімен және мектеп оқушыларымен бірлесіп ағаш отырғызу бастамасын жалғастырды.

    Тілендиев ауылындағы жайлы мектепте «Жас прокурорлар аллеясы» ашылды. Іс-шараға прокуратура, білім бөлімі, жергілікті атқарушы орган өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Олар мектеп аумағына ағаш отырғызып, қоршаған ортаны көркейтуге үлес қосты.

    Ағаштарды күтіп-баптау оқушыларды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға және жауапкершілікке тәрбиелейді. Іс-шара барысында оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған «Прокурордың жас көмекшілері» кабинеті де ашылды.

    Таза аула және қауіпсіз орта — ортақ мақсат. Табиғатты қорғайтын, заңды құрметтейтін ұрпақты бірге тәрбиелейік!

    #Заң_мен_тәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары