Талғар қаласында прокуратураның бастамасымен көшелерді жарықтандыру мәселесі шешілді

    «Айқын нәтиже» жобасы аясында Талғар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізді.

    Қылмыс картасын талдау негізінде қалада ұзақ уақыт бойы көше жарығы болмаған учаскелер анықталды.

    Қабылданған шаралардың нәтижесінде Бестужев, Қасым хан және Бозторғай көшелеріне жарық шамдары орнатылды.

    Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері бойынша Айвазовский көшесінде жол белгілері орнатылып, автобус аялдамасы жасалды.

    Аталған жұмыстар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары