СҚО ТЖД: монша ғимаратын пайдалану кезінде заң бұзушылық анықталды

    Өрт фактісі бойынша нысанды пайдалануға қабылдау актісінсіз пайдаланған меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылды.

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің техникалық нормалау бөлімі орын алған өрт фактілері бойынша қауіпсіздік талаптарының бұзылуын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.

    Орталық монша ғимаратында болған өрт фактісі бойынша бірқатар тексеру іс-шаралары жүргізіліп, нысанның пайдалануға қабылдау туралы бекітілген актісіз пайдаланылғаны анықталды. Түскен материалдарды қарау нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы нысанның меншік иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 323-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

    СҚО ТЖД техникалық нормалау бөлімі құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау туралы бекітілген актісіз пайдалануға жол берілмейтінін ескертеді. Құрылыс және объектілерді пайдалануға беру кезеңдерінде қала құрылысы мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары