Заңсыз берілген 100 гектар жер мемлекетке қайтарылды

    Іле ауданының прокуратурасы жер учаскелерін жеке меншікке беру кезінде жер заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтады.

    Атап айтқанда, 2009–2011 жылдары жеке тұлғаға жеке орман өсіру мақсатында жалпы көлемі 100 гектарды құрайтын екі жер учаскесі (12 және 88 га) берілген.

    Алайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы аталған жер учаскелері заңнамада белгіленген тәртіп бұзылып, міндетті сауда-саттық (аукциондар) өткізілмей, жеке меншікке берілген.

    Сонымен қатар жер учаскелері мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, олардың аумағында орман екпелері болмаған.

    Прокуратураның талап қоюы бойынша сот екі жер учаскесін беру негіздерін заңсыз деп танып, оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талаптарды қанағаттандырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары