Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтарды лицензиялау.

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) мемлекет кепілдік берген сегіз арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Қызмет алушының жеке қажеттіліктері ескеріле отырып кешенді түрде ұсынылады және өмірлік қиын жағдайдың салдарын еңсеруге немесе азайтуға, адамның өздігінен өмір сүру қабілетін қалпына келтіруге әрі өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
    Мүгедектігі бар адамдарға Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 4 бағыт бойынша қызмет атқарады. Стационарлық жағдай бойынша, жартылай стационарлық жағдай бойынша, Уақытша болу және үй жағдайында қызмет көрсету.
    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар арқылы ұсынады.
    Лицензиялау қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын бірыңғай міндетті талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, ұйымдарда білікті мамандардың ең төменгі қажетті штаттық құрамының болуы, өрт қауіпсіздігі және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта жасалуы, сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі тиіс.
    2026 жылдың 29 маусымында Шымкент қаласы әкімдігінің №2932 қаулысына сәйкес, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарамасына қарасты 12 орталықтың атауы өзгерді. Лицензияны жаңарту барысында тексеру мен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Қазіргі таңда 9 орталықтың лицензиясы жаңартылды. Қалған 3 орталықтың өтінімдері мерзіміне қарай қаралуда.
    Лицензиялаудың негізгі мақсаты-қызмет көрсету сапасының біріңғай стандарттарын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары