Туберкулез – жұқпалы ауру. Оны туберкулез микобактериясы (Кох таяқшасы) қоздырады. Көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ басқа мүшелерге де әсер етуі мүмкін.
Негізгі белгілері:
2 аптадан ұзақ жөтелу;
Қақырық, кейде қан түкіру;
Дене қызуының көтерілуі;
Түнде терлеу;
Әлсіздік, тез шаршау;
Салмақ жоғалту;
Тәбеттің төмендеуі.
Туберкулез қалай жұғады?
Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлегенде ауа арқылы таралады.
Емі:
Арнайы туберкулезге қарсы дәрілер қабылдау;
Емді дәрігер белгілеген мерзімде толық аяқтау;
Дәрілерді үзбей қабылдау;
Дәрігердің тұрақты бақылауында болу.
Туберкулез кезінде қандай жағдайда мүгедектік беріледі?
Өкпенің ауыр немесе асқынған туберкулезі кезінде.
Екі өкпенің зақымдануы кезінде.
Тыныс алу жеткіліксіздігі болғанда.
Өкпеде тұрақты өзгерістер қалып қойғанда.
Емге қарамастан еңбек ету қабілеті айтарлықтай төмендегенде.
Туберкулезден кейін ағза қызметі тұрақты бұзылғанда.
Мүгедектікті қалай рәсімдейді?
Фтизиатр дәрігерге қаралу.
Қажетті тексерулерден өту.
Дәрігерлік-консультациялық комиссиядан (ДКК) өту.
№031/е нысаны бойынша МӘС-ке жолдама алу.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







