Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті
Департаменттің міндеті зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Жаңалықтар
АшуҚазақстанда ерікті қоныс аудару тетігі жұмыс істейді
АшуМүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
АшуМүгедектікті белгілеу кезіндегі заңдылық: азаматтардың құқықтары және заң талаптары
АшуЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
АшуЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН КЕЗДЕГІ СЫНАҚ МЕРЗІМІ: ҚЫЗМЕТКЕР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?
АшуСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ
Құжаттар
Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы мүмкін деп айқындалған лауазымдар тізбесі
Шымкент қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) аумақтық департаментінің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы.
Медициналық-әлеуметтік сараптама 9 айдың қорытындысы
Шымкент қаласы бойынша 01.10.2026 жылға мүгедектігі бар адамдар саны 44 036 адамға жетіп, қала бойынша тұрғындардың (01.09.2026 жылға 1 316 888 тұрғын) 3,3 % -ын құрайды. Оның ішінде:- Ересек мүгедектігі бар азаматтар саны – 35087 немесе 79,7%, 1) 1 топ – 5274 адам, жалпы санның- 12,0%, 2) 2 топ – 15271 адам, жалпы санның- 34,7%,3) 3 топ – 14542 адамнан тұрады, жалпы санның- 33,0%, - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны – 8949 немесе 20,3%,1) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала санаты бойынша – 3015 бала, 2) 1 топтағы мүгедектігі бар – 858 бала, 3) 2 топтағы мүгедектігі бар – 2413 бала, 4) 3 топтағы мүгедектігі бар – 2663 бала мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепте тұрады. НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР:Өткен 2025 ж. көрсеткішімен салыстырғанда жалпы мүгедектік саны артруы байқалады (1213 адамға - 2,7%)Ересектер арасында (2025 ж. - 34415 адам) салыстырмалы- 672 адамға өскен, балалар арасында – (2025 ж. - 8408)- 541 балаға өскен. 2026 жылғы қыркүйек айы бойынша МӘС бөлімдері жалпы 12822 (2025ж.- 11607) адамға мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны 2699 адам, қайта куәландырылғаны 8968 адам, негізсіз жолданғандары – 152 (өткен жылы- 174). Интенсивті көрсеткіш – 19,7 (өткен жылы- 20,5).Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 2591 (өткен жылы- 2636) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 45 адамға азайған. Негізсіз жолданғандар 2026 жылдың 9 айында 152 науқас негізсіз жолданды, өткен жылы – 174 (- 22 адам)• Сырттай 78 (өткен жылы- 70) - 51,3% • Көзбекөз 74 (өткен жылы- 104) - 48,7%. 2026 ж. қыркүйек айы бойынша негізсіз жолданымдар жалпы саны - 152 (2025 ж. 9 айда - 174), бұл көрсеткіш 22 жағдайға азайған.Негізгі тенденция: өткен жылдың осы мерзімімен салыстарғанда негізсіз жолданымдар саны негізінен көзбе-көз куәландыру бойынша азайғаны байқалады. Қайта куәландыру нәтижесі:Қайта куәландырылған - 8968 (7828) мүгедектің ішінде, мүгедек деп танылғаны – 8194 (7374) адам, толық оңалтылғандар – 774 (454) адам, пайызға шаққанда 8,6%, (5,8%); РҚ- 6,7% жартылай оңалтылғандыр – 871 (564), пайызға шаққанда 18,9% (14,0%); РҚ- 13,3% күшейтілгендер – 420 (387), пайызға шаққанда 5,5% (5,7%); РҚ- 6,0%яғни барлық нысаналы көрсеткіштеріміз өткен жыл мен және орта республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда жақсарғаны бар. Проактивті сырттай куәландыру бойыншаМемлекет Басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берілген азаматтарға бір медициналық мекемеде оларға қажетті қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасы қабылданып, Шымкент қаласында пилотты проактивті сырттай куәландыру 2021 жылғы 1 қарашасынан бастап іске қосылды.Нысаналы деңгей – 45,0 %Нақты нәтиже: 2026 ж. 9 айдың қорытындысымен – 6255 (өткен жылы- 4855) адамға сырттай проактивті куәландыру жүргізілген, бұл 48,8% (өткен жылы- 41,8%) құрайды (Республика бойынша- 47,9%).
Кәсіпкерлік субъектілерінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылау саласындағы түсіндірме жазба
2026 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандарымен кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексі талаптарының сақталуына, оның ішінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім мекемелері, мемлекеттік мекемелері және т.б. салада әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділікпен және ОЖБ-мен қамтамасыз етілуіне 24 тексеру жүргізілді, оның ішінде: - жоспарлы – 15 (1-жұмыспен қамту басқармасы, 4- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, денсаулық сақтау – 6, білім – 3, мәдениет – 1) - жоспардан тыс – 9 (1-жұмыспен қамту басқармасы, 1- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, денсаулық сақтау – 3, ЖШС - 2, ЖК – 1, АҚ - 1).Бұдан бөлек, прокуратура қаулысы негізінде 2 тексеру жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Нұсқамалардың орындалуы бойынша: 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы 32 нұсқама беріліп, мерзіміне қарай орындалуда. Оның ішінде сотқа жолданғандар: - «Шымкент халықаралық терминалы» ЖШС, 11.06.2026 жылғы №5299-26-00-4а/186 Сот шешімімен 30.12.2025 жылғы №59 бұзушылықты жою туралы нұсқама және қаулы 02.07.2026 жылғы №5213-26-00-3ж/61 соттың шешімімен өз күшінде қалып, айыппұл толығымен өндірілді.- «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери - техникалық мектебі» РМКМ айыппұлды қысқарту туралы шағымы, 23.02.2026 жылғы №3а/83 Сот қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. 2026 жылы ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 11 нұсқама беріліп, 4 нұсқама орындалды. Қалғаны мерзіміне қарай орындалуда.Жоспардан тыс тексеру бойынша: 2025 жыл қорытындысы бойынша 32 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 14 нұсқама беріліп, мерзіміне қарай орындалуда, 13 тексеру субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 5 951 620 (бес миллион тоғыз жүз елу бір мың алты жүз жиырма) теңге мөлшерінде айыппұл салынған. 2026 жылы ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 9 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 6 нұсқама беріліп, мерзіміне қарай орындалуда, 6 тексеру субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 1 081 250 (бір миллион сексен бір мың екі жүз елу) теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ортаны қалыптастыруға қатысты «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында орналасқан Қолжетімділіктің интерактивті картасының жергілікті атқарушы органдары тарапынан толтырылуын және 2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық нысандарды 2026 жылдың соңына дейін 80%-ын бейімдеу жоспарланған. Аталған жұмыс жоспарына сәйкес, қыркүйек айындағы көрсеткіш деңгейі 73% -ды құрайды. 29.09.2026 жылғы жағдай бойынша 75% құрап, жоспар толық орындалды. Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы бойынша(әрі қарай-ОЖБ) 2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде 2026 жылдың соңына дейін 89%-ын жеткізу жоспарланған. Аталған жұмыс жоспарына сәйкес, қыркүйек айындағы көрсеткіш деңгейі 76,9% -ды құрайды. 29.09.2026 жылғы жағдай бойынша ОЖБ-ға сәйкес қала бойынша 53 411 қажеттілік анықталып, оның 43 111-ы яғни 80,8% қамтамасыз етілген. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Ф.Смайлова