Мүгедектікті белгілеу кезіндегі заңдылық: азаматтардың құқықтары және заң талаптары

    Бүгін мүгедектікті белгілеу тәртібі және осы мәселеге қатысты азаматтардың құқықтары туралы қысқаша түсіндіріп өткім келеді.

    Ең алдымен, азамат өзі тіркелген емханаға жүгінеді. Дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізіп, емдеу нәтижелерін бағалайды. Егер медициналық көрсетілімдер болса, мүгедектікті белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау мәселесін дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) қарайды.

    Комиссия жолдауға негіз бар деп шешсе, медициналық-әлеуметтік сараптамаға арналған № 031/е нысаны бойынша қорытынды рәсімдейді. Осы құжат пен медициналық мәліметтер негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізіледі.

    Мүгедектік тек диагнозға қарап белгіленбейді. Ағза қызметінің қаншалықты бұзылғаны және оның адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіні ескеріледі. Сондықтан әрбір шешім нақты медициналық деректер мен заң талаптарына сай қабылдануы керек.

    Ал егер азамат медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысымен келіспесе, оны қайта қаратуға құқығы бар. Шағымдану тәртібі сараптаманың қалай жүргізілгеніне байланысты. Тікелей өткізілген сараптама бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімшесіне, ал сырттай немесе проактивті түрде өткізілген сараптама бойынша аумақтық департаментке жүгінуге болады.

    Шағымды жазбаша түрде немесе e-Otinish электрондық өтініштер жүйесі арқылы беруге болады. Сонымен қатар заңда белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну мүмкіндігі бар.

    Департаменттің міндеті – заң талаптарының сақталуын бақылау, азаматтардың құқықтарын қорғау және қабылданған шешімдердің негізді болуын қамтамасыз ету.

    Заңдылық, әділдік және ашықтық – азаматтардың сенімін қалыптастыратын басты қағидаттар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары