ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    2026 жылғы 3 қарашада Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде есірткіге тәуелділіктің алдын алу және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша жалпы жиналыс өткізілді.

    Жиынға департамент қызметкерлері, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының мамандары қатысты.

    Кездесу барысында есірткі заттарын тұтынудың медициналық және психологиялық зардаптары, тәуелділіктің алдын алу шаралары, қызмет алушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, есірткі тұтыну белгілері анықталған жағдайда қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына уақтылы бағыттау, жауапты тұлғаларды бекіту және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жиын қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту және қызмет алушыларға уақтылы медициналық әрі психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.

    #Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау #ЕсірткініңАлдынАлу #СалауаттыӨмірСалты #Шымкент #ӘлеуметтікҚызмет

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары