АРНАУЛЫ КӘСІПТІК МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ: КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?

    Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік кодексі" мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 25 желтоқсанындағы №521 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы қағиданың» талаптары бойынша арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыys тағайындаудың міндетті шарттары мынадай.
    2014 жылдың 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысқан жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау енгізіліп, жұмыс берушінің есебінен 5% жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған аударымдардың негізінде, Кодекстің 195-1 бабы 1 тармағына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыс істейтін адамдардың елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде құқықтық негіз пайда болады.
    Арнаулы әлеуметтік төлем төрт қаржыландыру көзінен:
    1- республикалық бюджеттен ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде;
    2- өмірді сақтандыру компанияларынан 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
    3- жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; жүзеге асырылатын болады.
    4- Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын болады.
    Осы баптың 2 тармағына сәйкес еңбек жағдайлары зиянды жұмыс істемейтін адамдардың елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде екі көзден алу құқығы қарастырылған.
    1- республикалық бюджеттен ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде;
    2- Үкіметтің қаулысымен бекітілген тәртіппен зейнетақы жинақтарын ескере отырып БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын болады.
    Аталған төлемдерге құқық еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда тағайындау құқығына ие болады.
    Кодексте көзделген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда жәрдемақыны тағайындауға құқықтық негіздің болмайтындығын назарыңызға саламыз.
    Жәрдемақыны төлеу осы төлемді алушы Кодекстің 207-бабында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылып, зейнеткерлік жасқа толғанда төлемдер тоқтатылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары