ҚАЗАҚСТАНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ОДАН ӘРІ ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

    Алматыда Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» басқарма төрағасы Жанат Құрманов, сондай-ақ қаржы секторының сарапшылары Болат Жәмішев пен Елена Бахмутова қатысты.

    Кездесуде болашақ зейнетақы төлемдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын сақтау мәселелері басты назарға алынды. Қатысушылар азаматтардың зейнетақы құқықтарын нығайтуға, халықты зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейтуге және еңбек қызметі кезеңінде зейнетақы жинақтарын молайтуға мүмкіндік беретін тәсілдерді қарастырды.

    Кездесу Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, оның ұзақ мерзімді теңгерімділігін қамтамасыз ету және зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін сақтау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өткізіліп отыр. Осы мәселелерді кешенді түрде пысықтау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

    Талқылау барысында азаматтың болашақ зейнетақысын қалыптастыруда оның барлық құрамдас бөліктерін, атап айтқанда, мемлекеттік төлемдер мен еңбек қызметі кезеңінде жинақталатын қаражатты ескеру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қызметкер мен жұмыс берушінің тұрақты жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын арттыруға және халықты зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейтуге ықпал ететін тетіктер қарастырылуда.

    Ұсыныстар әзірлеу кезінде зейнетақы жүйесінің дамуына ұзақ мерзімді перспективада әсер ететін негізгі факторлар ескеріледі. Олардың қатарында демографиялық өзгерістер, өмір сүру ұзақтығының артуы, еңбек нарығындағы өзгерістер және халықаралық тәжірибе бар. Мұндай тәсіл зейнетақы жүйесінің даму барысын тек бүгінгі көрсеткіштер тұрғысынан ғана емес, болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін ескере отырып бағалауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары