Қазақстанда жекелеген нозологиялық нысандар бойынша мүгедектікті белгілеудің сырттай проактивті куәландырудың жаңа тәртібі енгізіліп, пилоттық жоба Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы №168 бұйрығы негізінде іске қосылған болатын.
Жобаның басты ерекшелігі – жекелеген ауру түрлері бойынша азаматтың медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жеке баруын талап етпей, мемлекеттік қызметті бір жұмыс күні ішінде алу мүмкіндігі қарастырылған.
Пилоттық жобаға, атап айтқанда, аяқ-қолдың туа біткен немесе жүре пайда болған қайтымсыз ақаулары, ампутация жағдайлары, Даун синдромы және балалардағы мукополисахаридоз сияқты нозологиялық нысандар енгізілген.
Пилоттық жоба шеңберінде қызмет алу үшін медициналық ұйымның жолдамасы белгіленген талаптарға сәйкес дұрыс әрі толық толтырылуы қажет. Бұл ретте медициналық құжаттардағы мәліметтердің толық, нақты және шынайы болуы өте маңызды.
Мысалы: 1. Аяқ-қолдың туа біткен ақауы немесе ампутация жағдайында:
стационардан медициналық үзінді;
* травматолог-ортопедтің немесе хирургтің қорытындысы, онда ампутация деңгейі және тұқылдың жағдайы көрсетіледі;
* аяқ-қолдың рентгенологиялық зерттеуі және рентгенологтың қорытындысы;
* аяқ-қол хирургиялық жолмен ампутацияланған жағдайда – ауру тарихындағы тиісті медициналық құжаттар.
2. Даун синдромы кезінде:
* хромосомалық өзгерістерді анықтайтын кариотиптеу зерттеуі;
* генетиктің қорытындысы;
* невропатологтың қорытындысы;
* психиатрдың қорытындысы;
* психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
3. Балалардағы мукополисахаридоз кезінде:
* ДНҚ-дағы мутацияны анықтауға арналған молекулалық-генетикалық зерттеу нәтижесі. Медициналық құжаттар медициналық-әлеуметтік сараптама сарапшысының қарауына жіберіледі.
Құжаттар толық әрі талаптарға сәйкес болған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарылады. Осылайша, пилоттық жобаның негізгі мақсаты – мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызметті азаматтар үшін барынша қолжетімді, ыңғайлы және жедел түрде көрсету болып табылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы реттеу және бақылау
комитетінің Шымкент қ. №1 МӘС бөлім басшысы: Есбергенова А.Х.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









