2026 жылғы 29 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде жалпы жиналыс өткізілді.
Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қ. Қадырбеков қатысып, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және кәсіби жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды.
Жиынның басты мақсаты – мемлекеттік қызметте адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын нығайту.
#СыбайласЖемқорлықтыңалдыналу #ҚызметтікӘдеп #МемлекеттікҚызмет #Еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









