Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау 2026ж. 10 ай
Департаменттің қызметі Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер бойынша азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі, қызметтің барлық түрі цифрландырылған.
Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері электрондық іс құжаттары ретінде келіп түседі, оның ішінде:
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 21 678 іс құжат 41,5%,
Электронды үкімет портал арқылы - 496 іс 0,95%,
Проактивті қызметтер арқылы – 22 424 іс 42,94%,
Банктік қосымшалар арқылы - 7614 іс 14,59%,
МӘС және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы 13 қызмет түрі көрсетілген 0,02%.
Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 230 122 астам азаматты құрайды.
- Зейнеткерлер 106 021 адам;
- Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 9625 адам;
- Бала туылғанда берілетін жәрдемақы – 18 711 адам;
- 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы – 11 953 адам;
- көп балалы аналар – 15 623 адам;
- көпбалалы отбасылар – 55 489 адам.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10 % - ға арттырылды.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері:
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 69049 теңгеге дейін ұлғайтылды. Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері- 35596 теңгені құрайды.
Зейнетақы іс-құжаттарында анықталған артық төленген соммалары бойынша фактілер
Еңбек кітапшаларындағы жазбалар бірдей, жұмыс атқарған мекеме мен кезеңдері сәйкес келетін еңбек өтілі бар зейнетақы төлемін алушылардың іс құжаттарын еңбек кітапшалармен салыстырып тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында зейнетақы іс-құжаттар бойынша жалпы алушылар саны 92 іс құжат анықталған:
44 іс-құжат бойынша – зейнетақы алушылар жеке өздері келіп, еңбек кітапшасының түпнұсқалары ұсынылып, расталды.
48 іс-құжат бойынша - негізсіз тағайындауға әкеп соққан дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталғаны туралы мәліметтер себебінен тоқтатылды, базалық төлем бойынша қайта есептеу жүргізілді. Артық алынған сомаларды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде, соның ішіндегі:
- 7 іс-құжат бойынша - қайтыс болғаны анықталды.
- 21 іс-құжат бойынша– оның ішінде 16 артық төленген қаражат кері қайтарылып өтелді, ал жасанды арттыру бойынша 5-інде артық төлем анықталмады.
- 2 алушы басқа аймаққа қоныс аударған.
- 18 іс-құжат бойынша – зейнетақы алушылардың өтініші және сот шешімі негізінде артық төленген қаражатты кері қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалына 2026 жылғы 25 ақпанында №07/209-И санды хатымен артық төлемі бар алушылар бойынша қатаң басшылыққа алынып, жұмыстар жүргізілуде.
2026 жылдың 10 айдағы қорытындысы бойынша артық төленген соммалар 53 458 793 теңге, қайтарылғаны 30 714 643 теңге, ал қалған соммалар 22 744 150 теңгені құрайды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









