МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаевтың қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және оның негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті.

    Іс-шараның басты мақсаты – Президент Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттерді кеңінен түсіндіру, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын таныстыру және оларды тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылау.

    Кездесуге құрметті қонақтар және спикерлер ретінде:

    🔹 Тұяқбаев Е.Ж. – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі;

    🔹 Парманов Б.Р. – Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы;

    🔹 Иманқұлов А.Р. – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі;

    🔹 Сыздықов Б.М. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Арнайы бағдарламалар комитетінің төрағасы қатысты.

    Кездесу барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

    Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық құжат.

    #ПрезидентЖолдауы #Жолдау2026 #Шымкент #еңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары