Аталған шара АХҚО Соты мен АХҚО Халықаралық төрелік орталығының қызметімен танысуға, дауларды шешу практикасын зерделеуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Іс-шарада Әділет вице-министрі Дәниел Ваисов дауларды шешу тетіктерін зерделеудің, кәсіби тәжірибе алмасудың және құқықтық тәуекелдерді уақтылы анықтаудың маңыздылығын атап өтті.
Дәрісті «TKS Disputes» басқарушы серіктесі Бахыт Тукулов өткізді. Ол – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының Қағидаларына түсіндірме» ғылыми-практикалық басылымының авторларының бірі.
Шара практикалық тәжірибемен алмасу және дауларды шешудің өзекті мәселелерін талқылау алаңына айналды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар ұйымдастырылуы деңгейін жоғары бағалап, алынған білімнің практикалық маңызын атап өтті және алғыс білдірді.
Әділет министрлігімен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және мемлекет мүддесін қорғаудағы тәсілдерін жетілдіруге бағытталған осындай білім беру іс-шараларын тұрақты негізде өткізу көзделген.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








