Қазақстан жоғары технологиялық жабдық өндіретін мажар компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтуде

    Будапешт, 2026 жылғы 10 қараша– Қазақстан Елшісі Анель Бақытбекқызы радиолокациялық жүйелер мен бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды әзірлеуге және өндіруге маманданған мажарстандық Pro Patria Electronics компаниясына барды.

    Компания басшылығымен өткен кездесу барысында тараптар инвестициялық және өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту және экономиканы цифрлық трансформациялау аясында озық технологияларды енгізу жөніндегі міндеттерін іске асыруға ерекше назар аударылды.

    Елші Pro Patria Electronics компаниясының басшылығын Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу және әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізу мақсатында елімізге келуге шақырды.

    Қазақстан Елшілігі Kazakh Invest ұлттық компаниясымен бірлесіп, іскерлік байланыстарды дамытуға және ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын пысықтауға жәрдемдесуді жалғастырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі" жаңалықтары