Будапешт, 2026 жылғы 10 қараша– Мажарстанның Мемлекеттік жиналысында Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Анель Бақытбекқызы Еуропалық істер комитетінің төрайымы Ильдико Ева Шоповпен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, парламентаралық диалогты дамыту, парламенттік достық топтары мен бейінді комитеттердің өзара іс-қимылын жандандыру, сондай-ақ әйел парламентшілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды.
Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ бірлескен экономикалық бастамаларға парламенттік қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды.
2027 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай екі елдің парламенттік достық топтарының бірлескен коммюникесін әзірлеу мүмкіндігі қарастырылды.
Елші Комитет төрайымын Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырып, БҰҰаясындаХалықаралық су ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.
Ильдико Ева Шопов Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға беріп, 2026 жылғы 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушы ретінде қатысудан алған әсерімен бөлісті.
Кездесу қорытындысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екенін растады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









