Теміржол көлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалының Қарағанды телімінің қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Семинар барысында теміржол көлігіне қойылатын талаптар бөлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының негізгі ережелері қаралды. Семинарға қатысушыларға жолаушылар вагондарын күтіп-ұстауға, жолаушыларды қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етуге, үй-жайлардың санитариялық жағдайына, вагондардағы температуралық режимді, желдету жүйесі мен микроклиматты сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді. Сондай-ақ төсек-орын жабдықтары мен қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара аясында қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алуға және жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар семинар барысында қызметкерлерді міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өткізу тәртібі мен кезеңділігі қаралды. Оларды ұйымдастыруға, медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтуге және оның нәтижелерін құжаттамалық ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және медициналық қарап-тексеруден уақтылы өту теміржол көлігі қызметкерлері мен жолаушыларының денсаулығын сақтаудың маңызды шарттары болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









