Ақтөбе облысы Әкімінің 2026 жылғы 2 қарашадағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп, сондай-ақАқтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбасқармасының қатысуымен 2026 жылғы 3 қарашада«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері мен әуежай ғимаратында орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда объектілерінің жалға алушылары арасында семинар ұйымдастырып, өткізді.Семинар «Жұқпалы аурулардың алдын алу» және «Аса қауіпті аурулардың алдын алу» тақырыптарына арналды.Семинардың негізгі мақсаты – көлік инфрақұрылымы объектілерінің қызметкерлерінің санитариялық сауаттылық деңгейін арттыру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, әуе көлігі объектілерінде жұқпалы және паразиттік аурулардың, тағамнан уланудың, сондай-ақ аса қауіпті аурулардың туындауы мен таралуының алдын алу.Семинар барысында қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары, тұмауға, қызылшаға және көкжөтелге қарсы вакцинациядан уақтылы өтудің маңыздылығы, қолданыстағы санитариялық заңнама талаптары, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі жұмыс берушінің рөлі, сондай-ақ дұрыс тамақтану мен дене белсенділігінің денсаулықты сақтаудағы маңызы түсіндірілді.Семинар барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар беріліп, ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









