«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптары» тақырыбында семинар өткізілді.

    2026 жылғы 30 қазанда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында (бұдан әрі – Басқарма) 2026 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарына және жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарына сәйкес Басқарма мамандары арасында құқықтық семинар өткізілді. Семинар барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушыларға «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының негізгі талаптары түсіндірілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнама талаптарын қатаң сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын ұстану, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау жөнінде ұсынымдар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары