Облыстық жедел құтқару жасағы қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында техникалар мен арнайы құрал-жабдықтарды толық әзірлікке келтірді.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағында қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілді.
Дайындық барысында ғимараттардың жылыту жүйелері тазартылып, жөнделді, кинологиялық топтың қызметтік иттеріне арналған орындар жылыланды. Құтқару техникасының қозғалтқыш майлары мен салқындату сұйықтықтары ауыстырылып, өлшеу құралдары мен арнайы жабдықтардың дайындығы тексерілді.
Таудағы авариялық-құтқару және су астындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құрал-жабдықтар әзірлікке келтірілді. Сонымен қатар, жеке құрамның қысқы киім-кешекпен, азық-түлікпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі пысықталды.
Аталған іс-шаралар қысқы кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және құтқару жұмыстарын тиімді жүргізуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









