КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДА ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 8

    Түркістан қаласындағы кәсіпорындарда қауіпсіздік талаптарының сақталуына, өрт оқиғасының алдын алуға байланысты тиісті сала мамандарынан құралған жұмыс тобы жасақталған болатын.

    Қала әкімінің кеңесшісі Самат Тәңірбергеновтің жетекшілігімен төтенше жағдайлар басқармасы, газ инспекциясы және жауапты сектор мамандарының қатысуымен қала аумағында рейдтік-зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік талаптарын сақтамаған кәсіпкерлерге хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.

    Мониторинг барысында кәсіпкерлік нысандардағы, мейрамханалар мен дәмханалардағы газ жабдықтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі назарға алынып, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуы бақылауға алынуда.

    Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, газ жабдықтарын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары