Сайрам ауданында әлеуметтік осал отбасыларға газ сигнализаторлары орнатылуда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 2

    Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарабұлақ елді мекенінде әлеуметтік осал топтағы отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газ сигнализаторларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

    Аталған шараны Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жүзеге асыруда.

    Газ сигнализаторлары тұрғын үйлерде табиғи газдың немесе улы газдың қауіпті мөлшері анықталған жағдайда дер кезінде ескертуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өрт пен газдан улану оқиғаларының алдын алуға, адам өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

    Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануға, жылыту құрылғыларының жарамдылығын тұрақты тексеруге және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары