Түркістан облысында жылу кезеңіндегі өрт және газ қауіпсіздігі, сондай-ақ халық арасында алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері бойынша жиын өтті.
Түркістан облысында жылу кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі онлайн форматта өтті.
Іс-шараға газ инспекциясының өкілдері, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері, сондай-ақ аудандық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Кездесу барысында тұрғын үй қорында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, табиғи және сұйытылған газды қауіпсіз пайдалану, жылу пештері мен түтін түтіктерінің техникалық жағдайы, сондай-ақ көмірқышқыл газымен улану фактілерін алдын алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар әлеуметтік жағынан осал санаттағы халықтың тұрғын үйлерін профилактикалық аралау, анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті ұйымдарға сәйкес талаптарды жіберу, сондай-ақ тұрғын үйлерді көмірқышқыл газы мен түтін детекторларымен жабдықтау жұмыстарының барысы талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты ұйымдарға және аудандық бөлімшелердің басшыларына жылу кезеңінде профилактикалық шараларды жүйелі жүргізу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, анықталған кемшіліктерді жою және қауіпсіздік талаптарын сақтауға бақылау жасау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, газды пайдалануға байланысты өрттер мен төтенше жағдайлардың алдын алу – барлық жауапты қызметтердің ортақ міндеті болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









