Брифинг барысында мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы М. Кемелханов Түркістан облысында жылыту маусымында өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол Департаменттің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тұрғын үйлерді аралау, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, газ сигнализаторларын орнату, пештер мен электр жабдықтарының қауіпсіздігін тексеру шараларын ұйымдастырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру материалдары жарияланып, білім беру ұйымдарында ашық сабақтар, профилактикалық акциялар мен брифингтер өткізілуде. Спикер тұрғындарды жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және улы газдан уланудың алдын алу шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









