САРЫАҒАШ: ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ.

    1 / 8


    Сарыағаш ауданында ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

    Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округі, Дихан баба елді мекенінде салынып жатқан медициналық нысанға барып, құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.
    Құрылыс жұмыстарының орындалу сапасы, жұмыс қарқыны және белгіленген мерзімдердің сақталуы зерделенді. Аудан әкімі мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән берудің қажеттігін атап өтті.

    Қазіргі таңда Дихан баба елді мекеніндегі медициналық нысан ғимараты толықтай аяқталған.
    Бұл медициналық нысан іске қосылса ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, алғашқы медициналық-санитариялық қызметтерді елді мекеннің өзінде алуға мүмкіндік береді. Бұл ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға оң ықпалын тигізеді.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары