Астанада инвестициялар мен кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы мен Akfen Holding компаниясының бас директоры кездесті

    1 / 3

    Astana Invest фронт-офисінде қалалық Инвестициялар мен кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов пен түріктің Akfen Holding бас директоры Зафер Давут Оғыт арасында жұмыс кездесуі өтті.

    Компания өкілдеріне Астананың инвестициялық мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары және елордада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шарттары таныстырылды.

    Кездесу барысында тараптар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде ауруханалар, мектептер, мәдени және спорт нысандарын салу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

    Akfen İnşaat – 1986 жылы құрылған түріктің құрылыс және инвестициялық компаниясы. Оның негізгі қызмет бағыттарына қалалық ауруханалар мен студенттік жатақханалардың құрылысы мен пайдалануы, тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті дамыту, сондай-ақ халықаралық нарықта инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кіреді. Компания жалпы құны шамамен 2,9 млрд АҚШ долларына тең жобаларды жүзеге асырған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары