Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округінде салынып жатқан ветеринариялық бекет нысанына барып, құрылыс жұмыстарының орындалу барысымен танысты.
Аудан басшысы нысанды аралау кезінде атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бағалап, құрылыс барысына жауапты мамандардың есебін тыңдады. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сай жүргізу, сапаны сақтау және нысанды уақытылы пайдалануға беру жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
Бүгінде ветеринариялық бекет ғимаратында ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін нысан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызмет көрсету үшін пайдалануға беріледі.
Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласын қолдау, ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру және мал шаруашылығының тұрақты дамуына қажетті жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Осы мақсатта аудан аумағындағы 2026 жылы 1 ветеренариялық станция, 8 ветеринариялық бекет 2 мал тастайтын шұңқырдың құрылысы жүргізіліп, сала инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған шаралар қолға алынуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









