САРЫАҒАШ: ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ.

    1 / 5


    Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

    Жиын барысында барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрғындарды толғандырған мәселелер және алдағы міндеттер талқыланды.

    – Біздің мақсатымыз – сіздермен еркін пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылау. Ауданымыз туризм, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту бағытында қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта да ауылдарды дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады, – деді аудан әкімі.

    2026 жылдың 9 айында Жемісті ауылдық округі бюджетінің шығыстары бойынша жоспар 100 пайызға орындалды. Тұрғындарды әлеуметтік қолдау мақсатында 25 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

    Жемісті елді мекенінің Б.Момышұлы көшесіне ұзындығы 0,7 шақырым және Құрманғазы көшесінде ұзындығы 0,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, 12 дана жарықтандыру бағанасы орнатылды.
    Сонымен қатар, Т.Төлендіұлы, Б.Момышұлы, Жамбыл, Бейбітшілік, А.Аппазов, Ақниет және Жемісті көшелеріндегі ескі жарық шамдары жаңартылып, Т.Рысқұлов, Тың елді мекенінің С.Мұқанов және М.Әуезов көшелеріне жаңа жарықтандыру шамдары орнатылды.
    Елді мекендегі Ақбастау көшесінің 2,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Б.Момышұлы көшесінде шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.

    Ашық диалог форматында өткен жиында аудан әкімінің есебі тыңдалған соң тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, аудан әкіміне ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

    Көтерілген мәселелердің әрқайсысы назарға алынып, жауапты мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Көтерілген әрбір мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүреді

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары