Шымкент қаласының білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтуде.
Науқанның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар еңбегін қанаудың алдын алу және қоғамда бала құқықтарына деген жауапкершілікті арттыру.
Науқан аясында білім беру ұйымдарында:
Балалар еңбегін қанаудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен кездесулер;
Оқушыларға арналған құқықтық сауаттылық сабақтары;
Балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне арналған тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Әр баланың құқығы қорғалуы тиіс!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








