МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 3

    Бүгін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен кеңес өтті.

    Күн тәртібінде «Кітап оқитын ұлт» марафонына тіркелген қатысушылардың кітап оқу белсенділігін арттыру, мектептерде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен суицидтің, буллингтің алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушыларды қосымша біліммен қамту мәселелері қаралды.

    Тәрбие жұмыстарының формалды іс-шаралар өткізумен шектелмей, нақты нәтижеге бағытталуы қажеттігі атап өтілді. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында олардың мінез-құлқындағы өзгерістерді уақтылы анықтау, құқық бұзушылық жасау қаупі бар және құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды ерте кезеңде анықтау, олармен жеке профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу бойынша мектептерге нақты тапсырмалар берілді.

    Аталған бағыттағы жұмыстар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың оқу мәдениетін дамытуға, күнделікті мінез-құлқында адалдық, жауапкершілік пен заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыруға және қоғамға пайдалы, жауапты азамат тәрбиелеуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының білім басқармасы" КММ" жаңалықтары