Алматыда «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді

    12–13 қарашада Алматы қаласындағы Narxoz университетінің базасында «Білім берудегі шахмат» IV халықаралық конференциясы өтеді. Іс-шара мектеп шахматын дамытуға және осы бағыттағы халықаралық тәжірибе алмасуға арналады.

    Конференцияда шахматтың оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы рөлі, оны білім беру үдерісіне енгізу және педагогтерді даярлау мәселелері талқыланады.

    Халықаралық жиынға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Қазақстан шахмат федерациясының басшылығы, шетелдік сарапшылар, әдіскерлер мен педагогтер қатысады.

    Екі күндік бағдарлама аясында панельдік сессиялар, заманауи білім беру бағдарламаларының таныстырылымдары мен шеберлік сабақтары өтеді. Қатысушылар мектептерде шахматты оқыту тәжірибесімен бөлісіп, оны одан әрі дамыту жолдарын талқылайды.

    Конференция туралы толық ақпарат: https://conf.kazchess.kz/kz

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының білім басқармасы" КММ" жаңалықтары