Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен ашық форматтағы кездесуі Жібек жолы ауылдық округінде жалғасты. Жиын барысында аудан басшысы ауылдық округте атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
2026 жылдың 9 айында Жібек жолы ауылдық округі бюджетінің шығыстары бойынша жоспар толық орындалды.
Жібек жолы елді мекенінің Ұлан көшесі, Қарабау елді мекенінің Ж.Жүсіпов және Жаңақұрылыс елді мекенінің Парасат, Т.Ботабеков көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Зортөбе елді мекенінің Алтынсарин, М.Әуезов және Сарқырама елді мекенінің Гольбах, Наурыз, М.Мақатаев көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында Жібек жолы елді мекенінде өрт сөндіру, жаңа ветеринариялық бекеттерінің және Дихан баба елді мекенінде дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары жүргізілуде.
Спорт нысандарын дамыту және абаттандыру бағытында Жібек жолы елді мекенінде балалар ойын алаңшасы, воркаут, баскетбол және волейбол және Дихан баба елді мекенінде жаңа спорт және воркаут алаңдары ашылды.
Бүгінгі күні Жібек жолы елді мекеніндегі кеден бекеті маңындағы қоршауларды жаңарту жұмыстары, Дихан баба және Жаңатұрмыс елді мекендеріндегі жаяу жүргіншілер жолдарының жарықтандыру жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша заң аясында түсіндірме беріп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









