Қайтарымсыз гранттар-бұл ауылдық аймақтарда шағын және орта бизнесті қолдаудың, халықты жұмыспен қамтудың және ауыл экономикасын жандандырудың ең тиімді мемлекеттік тетіктерінің бірі.
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтың жұмысымен танысты.
Жібек Жолы ауылдық округінің тұрғыны, 4 баланың анасы Аягкуз Сейдрасилова мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, киім тігу шеберханасын ашып, балаларға арналған киім және басқа да бұйымдарды тігіп, кәсібін дөңгелетуде. Бүгінгі таңда шеберхана бір адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
— Қайтарымсыз грант берудің басты мақсаты – ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту. Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін айқындайтын, бәсекеге қабілеттілігін көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі – жұмыспен қамтылған халықтың үлесі. Осы бағытта мемлекет тарапынан жұмыссыз жүрген азаматтардың тұрақты табыс табуына, кәсіп бастаймын деген тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде ауданда кәсіпкерлер саны жылдан жылға артып келеді, – деді Арман Абдуллаев
Қайтарымсыз грант тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына және отбасылық кірісті арттыруға жол ашады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









