Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өңірдің білім саласындағы өзекті мәселелерге арналған жиын өтті. Оған тиісті басқармалар мен білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Аудан және қала әкімдері жиынға бейнебайланыс арқылы қосылды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Құрманова салада атқарылған жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар, өзекті мәселелер туралы баяндады.
Жиында облыстың білім беру жүйесіндегі өзекті міндеттер жан-жақты қаралып, бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету, оқушыларды сапалы әрі талапқа сай ыстық тамақпен қамту, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, білім беру үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану, заманауи цифрлық шешімдерді оқу сапасын арттыруға бағыттау қажеттігі атап өтілді.
2027 жылдан бастап білім бөлімдерінің аудандық әкімдіктердің қарамағына берілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар мен білім бөлімдері басшыларының жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Аймақ басшысы салаға жауапты орынбасары мен тиісті басқармаға білім саласындағы әрбір бағыт бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын, балалардың қауіпсіздігі мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуді, білім сапасын арттыруды және жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын тапсырды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында білім мен ғылымды, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамытудың маңызын атап өтті. Осы міндеттерді жүзеге асыруда білім саласының жауапкершілігі жоғары. Бөлінген бюджет қаражаты тиімді әрі мақсатты жұмсалуы қажет. Әрбір аудан мен қала әкімі, білім бөлімдерінің басшылары өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, нақты нәтижеге жұмыс істеуі керек», – деді Берік Уәли.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









