«DosbolLIKE»: елордалық мектепте «Буллингке жол жоқ» тақырыбында тренинг өтті

    1 / 14

    Астанадағы №75 мектеп-гимназияда «DosbolLIKE» бағдарламасы аясында «Буллингке жол жоқ» тақырыбында тренинг өтті. Оған 8-11 сынып оқушылары қатысып, мектептегі әлімжеттіктің алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Іс-шара барысында оқушыларға буллинг пен кибербуллингтің негізгі белгілері, олардың салдары және осындай жағдайға тап болған кезде жасалуы тиіс әрекеттер түсіндірілді. Сондай-ақ жәбірленген балаларға психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық қолдау көрсетудің маңыздылығы айтылды.

    Мектеп директоры Зәмзәгүл Құлмағанбетова буллингтің алдын алу жұмысы тәрбие сағаттары мен профилактикалық кездесулер арқылы тұрақты жүргізілетінін атап өтті.
    «Біз балаларды түрлі спорттық және музыкалық үйірмелерге қатыстырып, қабілетін дамытуға жағдай жасаймыз. Бұл – балаға қолдау көрсетіп, оның мінез-құлқын түзетуге көмектесетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар ата-аналармен де тығыз байланыстамыз. Мектебімізде әкелер кеңесі, аналар ұйымы және «Бұрымды қыз» клубы жұмыс істейді», – деді мектеп директоры.

    Мектеп педагог-психологы Талжібек Сатымбекова балалардың психологиялық жағдайына көңіл бөлу олардың сабаққа ынтасы мен белсенділігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

    Оның айтуынша, бала өзін қауіпсіз әрі қолдауда сезінуі үшін мектепте мұғалімдер мен психологтар, ал үйде ата-аналар жылы қарым-қатынас орнатуы қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары