Теміржол вокзалдарын жаңарту – көлік инфрақұрылымын жаңғырту, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және саяхатшылар үшін қолайлы орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Жақында «Балқаш-2» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Жалпы, Қарағанды облысында 10 теміржол вокзалы мен 4 жолаушылар платформасын жаңарту жұмыстары аяқталды.
Атап айтқанда, Балқаш-2, Мойынты, Ақадір, Дария, Жарық, Жаңа-Қарағанды, Қарағанды-Сұрыптау (жұп), Мырза, Нұра, Сарыбел теміржол вокзалдары, сондай-ақ Теміртау, Айса, Қарағанды-Сұрыптау (тақ) және Сарышаған станцияларындағы жолаушылар платформалары жаңартылды.
Жаңартылған вокзалдар заманауи келбетке ие болып, жолаушылардың барлық санаты үшін ыңғайлы, функционалды әрі қолжетімді бола түсті. Инфрақұрылымды жақсарту, жайлы күту залдарын жасақтау, іргелес аумақтарды абаттандыру және заманауи сервистерді енгізу қонақтардың қала мен өңір туралы алғашқы әсерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Вокзалдарды жаңғыртудың ішкі және келу туризмін дамыту үшін маңызы зор. Теміржол көлігі саяхаттаудың маңызды түрлерінің бірі болып қала береді. Ол туристерге жаңа бағыттарды ашуға, өңірлердің тарихымен, мәдениетімен және бірегей көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









