Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, өңірлік инфрақұрылымды жаңғыртуға, автомобиль жолдарының сапасын арттыруға, әуежайларды дамытуға және инвестиция тартуға ерекше назар аударды.
Бұл міндеттерді іске асыру Қарағанды облысының туристік саласы үшін де маңызды. Көлік қатынасының қолжетімділігі, дамыған инфрақұрылым және саяхатшылардың қауіпсіздігі өңірдің тартымдылығын арттырып, демалуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Облыста көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Балқаш әуежайының жаңартылуы өңірдің көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Автомобиль жолдарын жөндеу және олардың сапасын арттыру тұрғындар мен облыс қонақтарының, соның ішінде туристік нысандарға баратын саяхатшылардың жол жүруіне қолайлы жағдай жасау үшін маңызды.
Қарағанды облысының туристік әлеуеті зор. Балқаш көлі, Қарқаралы ұлттық паркі, Бектау-Ата шатқалы және басқа да көрікті жерлер экологиялық, белсенді және танымдық туризмді дамытуға кең мүмкіндік береді.
Инфрақұрылымды дамыту туризм саласына инвестиция тартуға да қолайлы жағдай қалыптастырады. Бұл орналастыру нысандарын салудан бастап, туристік қызметтер аясын кеңейтуге және жаңа туристік жобаларды жүзеге асыруға дейінгі бағыттарды қамтиды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі бағыттары
1 / 3
Ұқсас материалдар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
"Қарағанды облысының туризм басқармасы" жаңалықтары

2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасап, ел дамуының негізгі басымдықтарын белгіледі
Туризм басқармасыАшу
Қарқаралыда бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті
Туризм басқармасыАшу
Қарағанды облысы делегациясының Павлодар облысының Баянауыл ауданына Қарағанды облысының туризм басқармасы, Қарқаралы ауданының әкімдігі өкілдері мен инвестордың қатысуымен сапары
Туризм басқармасыАшу
Туризм біріктіреді: идеялар, ынтымақтастық және жаңа мүмкіндіктер
Туризм басқармасыАшу
Балқаш қаласында инклюзивті жағажай құру жобасы қарастырылды
Туризм басқармасыАшу