Перинаталдық орталықта еңбек заңнамасы мәселелері бойынша семинар өткізілді

    1 / 2

    Мемлекеттік еңбек инспекторы Д.Д. Купеева «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ КМК (Перинаталдық орталығы) қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу.
    Семинар барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі нормалары бойынша түсіндірмелер берілді. Атап айтқанда, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мәліметтерді енгізбеуге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ҚР ӘҚБтК) енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға еңбек шарттары туралы мәліметтерді жүйеге уақтылы әрі тиісті түрде енгізудің маңыздылығы және заңнама талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауаптылық түсіндірілді.
    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 111-бабының ережелері қарастырылды. Аталған бап лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету аймағын кеңейту және негізгі жұмысынан босатылмай, уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқару мәселелерін реттейді. Қызметкерлерге қосымша жұмысты орындау тәртібі мен оған ақы төлеу мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
    Семинар барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жауаптар мен практикалық түсіндірмелер алды.
    Осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті" жаңалықтары