Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке — еліміздің егемендігі мен азаттығының, халық бірлігі мен жасампаздығының басты символы. Мемлекетіміз бен азаматтарымыздың игілігіне арналған күнделікті адал еңбегіміз — атамекеніміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосылған ортақ үлесіміз.
Осынау айтулы мерекеде сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, береке-бірлік және Отанымыздың жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!
Мереке берекелі болсын! Республика күні құтты болсын!
Құрметпен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.









